АҚШ құрамасы CONCACAF Ұлттар лигасының кубогын жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Парадайс қаласында (АҚШ) өткен турнирдің финалында америкалықтар Канада құрамасын 2:0 есебімен жеңді. Матчта Крис Ричардс (12-минут) пен Фоларин Балогун (34) голдың авторы атанды.

Мексика құрамасы қола жүлдегер атанды. Ол орын үшін өткен кездесуде Панама құрамасын 1:0 есебімен жеңген.