Испания құрамасы 2023 жылғы Ұлттар лигасының финалында Хорватияны пенальтилер сериясында жеңіп, тарихында бесінші жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Испания құрамасының қорғаушысы Хесус Навас әлем чемпионаты, Еуро мен Ұлттар лигасын жеңіп алған алғашқы ойыншы атанды. Бұған дейін ұлттық құрама сапында ол 2010 жылғы әлем чемпионатында және Еуро-2012-де жеңіске жеткен болатын. Бұл көрсеткішке басқа ешкім қол жеткізе алмады. Осы маусымда 37 жастағы ойыншы карьерасында төртінші рет Еуропа лигасын жеңіп алды.