ПСЖ бас бапкері Кристоф Гальтье карьерасын Сауд Арабиясының «Аль-Шабаб» командасында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Footmercato.net ақпараты бойынша, сауд арабиялық клуб маманды шақыртуға қызығушылық танытып отыр. Қазір тараптар келіссөздер жүргізіп жатқаны және оның жақсы жүріп жатқаны атап өтілді.