20 маусымға қараған түні Белфастта Қазақстан құрамасы футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Солтүстік Ирландия құрамасымен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын Астана уақытымен 00:45-те басталады. Кездесудің тікелей трасляциясын Qazsport телеарнасында немесе ресми сайтында көруге болады.

Еске салайық, Қазақстан құрамасының қоржынында алты ұпай, Солтүстік Ирландияда үш ұпай бар. Қазақстандық футболшылар кейінгі кездесуінде Сан-Марино құрамасын 3:0 есебімен жеңді, ал Солтүстік Ирландиялы Даниядан 0:1 есебімен жеңіліп қалған болатын.