«Реал Мадридтің» бұрынғы ойыншысы Эден Азар мансабын Бельгия чемпионатында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Журналист Саша Тавольеридің мәліметінше, «Реалда» жетінші нөмірмен ойнаған футболшы бельгиялық «Моленбек» клубына ауысуы мүмкін. Оның басты себебі – аталған клубта Эденнің ағасы Килиан Азар өнер көрсетеді.

Азар биыл 1 шілдеден бастап еркін агент болды. Ол мадридтік командадан өзара келісім бойынша кетті.

Айта кетейік, «Моленбек» сапында Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский өнер көрсетеді.