Италия құрамасы үшінші орын үшін матчта Нидерланды құрамасын жеңіп, Ұлттар лигасының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ойында Италия 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Жеңіске жеткен команда сапында Федерико Димарко, Давиде Фраттеси және Федерико Кьеса гол соқты. Ал Нидерланды құрамасы сапында Стивен Бергвейн мен Джоржиньо Винальдум көзге түсті.

Осылайша Италия құрамасы екінші рет қатарынан Ұлттар лигасының қола жүлдесін жеңіп алды.

Айта кетейік, Ұлттар лигасының финалында Хорватия мен Испания құрамасы кездеседі.