Атлантик-Ситидегі (Нью-Джерси) шоу аясында АҚШ құрамасында супер жеңіл салмақта (63,5 келіге дейін) өнер көрсететін Қазақстан тумасы Димаш Ниязов (14-2-3, 6 КО) ирландиялық Ларри Фрайерстен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Ирландиялық спортшы жекпе-жек алдында аутсайдер саналғанымен, белсенді болып, әр раундта Димаштан басым түсті. 6-шы раундта Ниязов жекпе-жекті жалғастыра алмай қалды.

Айта кетейік, Ниязов Шымкентте дүниеге келген, бірақ бала кезінде отбасымен АҚШ-қа көшіп кеткен. Ол боксты Нью-Йорктегі полицей жұмысымен бірге қатар алып жүр.