Қазақстандық Шавкат Рахмонов Абу-Дабиде (БАӘ) өтетін UFC 294 турнирінде Белал Мұхаммадпен жұдырықтасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы журналист Рубен Картер хабарлады.

Оның айтуынша, жекпе-жек 21 қазанда өтеді.

Белал Мұхаммад ММА бойынша 25 жекпе-жек өткізіп, 22 мәрте жеңіске жетті. Шавкат Рахмонов 17 жекпе-жек өткізіп, барлық шайқасын жеңіспен аяқтаған.

Қазіргі UFC жартылай орта салмақ рейтингінде қазақстандық файтер алтыншы, Белал Мұхаммад үшінші орында тұр.