«Астананың» қорғаушысы Жарко Томашевич Черногория құрамасы сапында футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Венгрия құрамасына қарсы матчта өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Томашевич негізгі құрамда шығып, бүкіл матчты өткізді. Ойын 0:0 есебімен аяқталды.

Үш ойыннан кейін Черногория құрамасы төрт ұпаймен Еуро-2024 іріктеуінің G тобында үшінші орында тұр. Жарко «Астана» сапындағы ойынына келетін болсақ, ол осы маусымда ҚПЛ-да 11 матч өткізіп, бір гол соққан. 14 ойыннан кейін 32 ұпаймен «Астана» Қазақстан чемпионатында бірінші орында келеді.