17 маусым күні «Бизон» лақап аты бар қазақстандық аралас жекпе-жек спортшысы Нұржан Ақышев (15-3) Польша Fight Exclusive Night (FEN) лигасында дебют жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

30 жастағы қазақстандық файтер өзінің алғашқы жекпе-жегінде қазіргі жеңіл салмақтағы промоушен чемпионы Каспер Формеламен (15-4) кездесті. Жекпе-жек барлық бес раундқа созылып, төрешілердің бірауыздан қабылданған шешіммен поляк файтерсінің жеңісімен аяқталды.

Осылайша қазақстандық спортшы мансабындағы төртінші жеңіліске ұшырады. Ол өзінің алдыңғы жекпе-жегінде биыл 19 ақпанда Алматыда өткен OCTAGON 41 турнирінде Үндістан өкілі Кушал Виясты бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Айта кетейік, Нұржан Ақышевтың Fight Exclusive Night-пен келісімшарты үш жекпе-жекке арналған.