Отандық танымал актер әрі аралас жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеме жасады.

"Көбісі мені депрессияға түсіп кетті деп ойлап жүр екен. Бұл депрессия емес, өмірімнің белгілі бір кезеңіне келгенде осылай тұйық болып қалатыным бар. Бұны мен "перезагрузка" деймін. Бұндай кезде мен өз-өзіммен сөйлесемін. Соңғы рет осылай 3 жыл бұрын "перезагрузкаға" кеткенмін. Ол кезде басымда миллиондаған қарыз, кредит болды, жұмысым жүрмеді, бір де бір мүлкім болған жоқ, бір орында тұрып қалдым.

"Перезагрузкадан" кейін, өзімді қолға алып, Аллаға шүкір, қалпыма келіп алдым. Қалпыма келіп, “зона комфортаға” түсіп қалғанымды енді байқадым. Мен қайтадан бір деңгейде қалып қойдым. Осы деңгейге де Аллаға шүкір әрине, бірақ, мен өзімді бір деңгейдің адамы деп санамаймын. Мен бір орында тұра алмаймын. Көбісі мені екі жеңілістен кейін төменге құлдырайды деп ойлайтын шығар. Жеңіліс мені ешқашан сындырған емес, сындыра алмайды да. Бұл ММА-ның "потологы" қойылған жоқ. Мен бастап бердім, "потологын" өзім қойып кетемін. Жеңілістерімді көріп жаман пікір жазып жатқандар, сендердің пікірлеріңді көріп сынып қалады деп ойламаңдар", - деді Еркебұлан Тоқтар.