«Реалдың» бұрынғы ойыншысы Эден Азарға отанында «РВД Моленбек» клубы қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы L’Equipe басылымы хабарлады.

32 жастағы футболшыға қазіргі таңда үш командадан ұсыныс түскен. Соның бірі «Моленбек» клубынан келді.

Айта кетейік, бұл командада Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский өнер көрсетеді.