Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 24-ракеткасы Анна Данилина Ноттингем (Ұлыбритания) WTA 250 турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген А. Данилина мен қытайлық Сюй Ифань жартылай финалда норвегиялық Ульрикке Эйкери – эстониялық Ингрид Нилмен шеберлік байқасты.

Финал жолдамасы сарапқа салынған матчта норвегиялық-эстониялық жұп 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.