Олоф olofmeister Кайбердің командасы GOAT League 2023 Summer VACation турнирінде қатарынан екінші матчта жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші раундта халықаралық құрама Якоб Pimp Виннеченің командасына есе жіберді. Матч Ancient картасында 14:16 есебімен аяқталды.

Қатысушылардың командалары әртүрлі ойыншылардан, бапкерлерден және ойын қайраткерлерінен тұрады. Әр командада жұлдызды ойыншы немесе контент-мейкер, екі про-ойыншы, бапкер/аналитик және әйелдер командаларының бір өкілі бар.

GOAT League 2023 Summer VACation шоу-турнирі 15 мамыр мен 20 маусым аралығында өтіп жатыр.