«Бешикташтың» спорт директоры Джейхун Казанчи «Барселона» басшылығымен бірнеше ойыншының трансфері туралы келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Relevo ақпараты бойынша, түркиялық клуб қорғаушылар Сержиньо Дест пен Самуэль Умтити, жартылай қорғаушы Франк Кессье және вингер Алекс Кольядоға қызығушылық танытып отыр.

Бұған дейін «Интер» «Барселона» қорғаушысын сатып алғысы келетіні хабарланған болатын. Каталониялықтар ойыншыны сатуға дайын.