Ташкентте (Өзбекстан) өткен кәсіпқой бокс кешінде қазақстандық боксшы Дильшат Нұрым жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз жергілікті боксшы Мужибилло Турсыновпен кездесті. Бірінші жартылай орта салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жек толық сегіз раундқа созылып, Турсынлв төрешілерд шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша өзбек боксшысы WBC Asia чемпионы атағын жеңіп алды.

Кеш аясында тағы бір қазақстандық Михаил Коханчик Тәжікстан өкілі Жалолудин Мухаммадимен кездесті. Отандасымыз бірінші раундта нокаутпен жеңіске жетті.