Сочиде (Ресей) ACA 159 турнирі өтті, оның басты жекпе-жегінде Эдуард Вартанян мен Артем Резников арасында жеңіл салмақтағы Гран-при финалы болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек үшінші раундта аяқталды. Вартанян техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Осылайша, Эдуард Вартанян аралас жекпе-жектегі 25-жеңісіне қол жеткізді, ал Артем Резников жетінші рет жеңіліске ұшырады.

Айта кетейік, Гран-придің жалпы жүлде қоры шамамен миллион АҚШ доллары, жеңімпаз 200 мың доллар алады.