Футболдан Қазақстанның 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Молдова елінің құрдастарымен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тартысты ойында қазақстандықтар 2:4 есебімен жеңіліп қалды.

Айта кетейік, жеңімпаздар қатарынан Сергей Перчун, Николае Сула және Артур Спринсян (дубль) гол соқты. Жеңілген командада голдарды Ерасыл Сәрсенбай мен Тамерлан Ағиманов соқты.

Ертеңгі күні, яғни 18 маусымда қос команда тағы бір спарринг кездесуін өткізеді.