Қазақстандық Бейбіт Жұқаев Пальмес-дель-Мар (Пуэрто-Рико) қаласында өтіп жатқан Челленджер сериясы турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ширек финалдық кездесуде қазақстандық канадалық Лиам Дракслді 6:4, 6:3 есебімен ұтты.

Айта кетейік, кездесу 1 сағат 46 минутқа созылды.

Жартылай финалда Жұқаев М.Чжен (АҚШ) пен А.Галарно (Канада) арасындағы текетірестің жеңімпазымен ойнайды.