Танымал қазақстандық бапкер Владимир Никитенко «Елімай» командасының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Елімайдың жаңа бас бапкері болып Қазақстан футболының ардагері, экс-футболшы және футбол жаттықтырушысы Владимир Никитенко тағайындалды.

Владимир Андреевич бапкерлік мансабында «Қайрат», «Ақтөбе», «Тобыл» және Қазақстан U-21 құрамасы сияқты командаларды жаттықтырды. Оның үстіне Владимир Никитенко 1995 жылы біздің Елімайдың бас бапкері болды.

Самат Смақов жаңа жаттықтырушылар штабында жұмысын жалғастырады», - делінген клуб таратқан хабарламада.