Қазақстандық теннисші Андрей Голубев Перуджа қаласында (Италия) өтіп жатқан жұптық турнирдің финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық украиндық спортшы Денис Молчановпен бірге жартылай финалда Ф.Себаллос (Боливия) / Б.Ариас (Боливия) дуэтінен жеңіліп қалды - 4:6, 3:6.

Матч 1 сағат 18 минутқа созылды.