Бүгін таңертең қазақстандық Жалғас Жұмағұловтың жекпе-жегінің өтпейтіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жако» 18 маусымда UFC on ESPN 47 турнирінде өнер көрсетуі керек еді, бірақ қазақстандық спортшының қарсыласы бразилиялық Фелипе Бунес жекпе-жектен бас тартқан.

Мұндай шешімнің себебін бразилиялықтың өзі айтты. Оның допинг сынамасы оң нәтиже берген.

Бунес барлық ақпаратты USADA-ға (АҚШ антидопинг агенттігі) бергенін айтты.