Олоф olofmeister Кайбер командасы GOAT League 2023 Summer VACation турнирінде Никола Lobanjica Мизоманович командасынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Mirage картасында өткен матч 7:16 есебімен аяқталды.

Қатысушылардың командалары әртүрлі ойыншылардан, бапкерлерден және ойын қайраткерлерінен тұрады. Әр командада жұлдызды ойыншы немесе контент-мейкер, екі про-ойыншы, бапкер/аналитик және әйелдер командаларының бір өкілі бар.

GOAT League 2023 Summer VACation шоу-турнирі 15 мамыр мен 20 маусым аралығында өтіп жатыр.