Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Егор Агафоновпен бірге Иранның Тегеран қаласында өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің жұптық сынында жартылай финалға шықты.

¼ финалда Ломакин мен Агафонов ресейлік дуэт Александр Чепик / Денис Клокпен кездесіп, оларды екі сетте 6:3, 7:6 есебімен жеңген болатын. Жартылай финалда Григорий Ломакин мен Егор Агафонов түрік Дженгиз Аксу және Гёкберк Саритас жұбымен ойнайды.

Қазақстандық пен ресейлік теннисші Тегерандағы турнирдің жұптық сынында рейтингте бірінші орында тұрғанын айта кетейік. Олардың болашақ қарсыластарына келер болсақ, олар үшінші ракетка ретінде тіркелді. «Челленджердің» жүлде қоры - 15 000 доллар.