Футболдан Ұлттар лигасының финалына шыққан командалар анықталды.

Түнде жартылай финалдың екінші матчында Испания мен Италия кездесті. Ойындағы есеп 3-минутта ашылды. Гол авторы Испания жартылай қорғаушысы Йереми Пино. Араға жеті минут салып Италия шабуылшысы Чиро Иммобиле он бір метрлік айып добынан таразы басын теңестірді.

Осыдан кейін қос құрама алма кезек шабуылға иек артты. Алайда ұзақ уақыт жанкүйерлер гол кіре алған жоқ. Матчтың аяқталуына санаулы минут қалғанда Испания ойыншысы Хоселу қақпашы Джанлуиджи Доннаруммадан айласын асырып кетті.

Осылайша, Испания Ұлттар лигасының ақтық мәресіне жолдама алды. Енді Еуропаның алпауыт командасы финалда Хорватиямен шеберлік байқасады.