Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысындағы Сан-Марино және Қазақстан құрамалары кездесуіне төрешілер белгіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл кездесуде грекиялық Анастасиос Папапетрус бас төреші қызметін атқарады. Оған отандастары Трифон Петропулос пен Иорданис Аптосоглу көмек жасайды.

Сан-Марино – Қазақстан матчы маусымның 16-сынан 17-іне қараған түні елорда уақытымен 00:35-де басталады. Кездесу «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Құрамалар H тобында ойын көрсетеді. Қарсыластары – Словения, Дания, Солтүстік Ирландия, Финляндия.