Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2023 жылғы мамыр айының үздік голын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама ұйымдастырды.

Сауалнамаға қатысушылардың таңдауына өткен айда OLIMPBET-Чемпионаты мен OLIMPBET-Кубок ойындарының аясында соғылған үздік тоғыз гол ұсынылды.

Сауалнама қорытындысы бойынша «Атырау» футбол клубының жартылай қорғаушысы Игорь Стасевичтің OLIMPBET-Чемпионатының 10-турында «Жетісу» қақпасына соғылған голы мамыр айының үздігі болып танылды. Аталмыш нәтижелі соққы үшін респонденттердің 27,74 % дауыс берді.