Қазақстандық теннисші Андрей Голубев украиндық спортшы Денис Молчановпен жұптасып, Перуджа қаласында (Италия) өтіп жатқан жұптық турнирде ширек финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымдағы кездесуде Голубев/Молчанов жұбы Р.Оливо (Аргентина)/М.Верворт (Нидерланды) дуэтінен басым түсті - 6:3, 6:2.

Матч тура 1 сағатқа созылды.