Беделді Transfermarkt порталы футболшылардың трансферлік құнын жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жаңартылғаннан кейін Қазақстан құрамасының және мәскеулік ЦСКА-ның футболшысы - Бактиер Зайнутдинов 1 миллион еуроға қымбаттады. Оның бағасы, порталдың мәліметінше, 5-тен 6 миллионға дейін өсті, бұл қазақстандық ойыншылар арасындағы рекордтық көрсеткіш.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Зайнутдинов Қазақстан құрамасы сапында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Сан-Марино және Солтүстік Ирландия құрамаларына қарсы матчтарға дайындалып жатыр.