Испаниялық жартылай қорғаушы Ансу Фати «Барселонада» қалғысы келеді. Бұл туралы ойыншының өкілі Жорже Мендеш айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ансу Фати «Барсада» қалғысы келеді. Ол соңғы екі матчта үш гол соқты, ол топ-ойыншы... Бір күні ол «Алтын доп» иегері атанады, маған сеніңіз. Рубен Невешке байланысты келісім бе? Сабырлық сақтаңыздар», - деді футболшының агенті.

2022/2023 маусымында Фати Испания чемпионатында «Барселона» сапында 36 матчқа қатысып, жеті гол соғып, үш нәтижелі пас берген.