«Реал Мадрид» ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппені сатып алу үшін 200 миллион еуро жұмсауға дайын, деп хабарлайды Prosports.kz.

L'Equipe мәліметінше, мадридтік клуб париждіктердің қаржылық талаптарын орындауға дайын. Бірақ ПСЖ ойыншыны «Реалға» сатуға келісе ме, жоқ па әзірге белгісіз. Клубтар арасындағы қарым-қатынас жақсы емес.

Француз «бланкос» тарихындағы ең қымбат ойыншы атануы мүмкін. Қазіргі уақытта бұл рейтингте көшбасшы Эден Азар. «Реал» 2019 жылы жазда оның трансферіне 115 миллион еуро төлеген.