Еуразиялық аралас жекпе-жек лигасының алдағы OCTAGON 46 турнирінде ММА туралы тұңғыш қазақстандық сериалдың басты рөліндегі актер Арнұр Қабдолдаев кезекті кездесуін өткізеді.

Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында танымал актер қырғызстандық поп-ММА жұлдызы Эльчибек Абдубалиевпен кездесуі, ​​кино мен сегізтордағы жекпе-жектердің айырмашылығы, сонымен қатар танымалдылығының артуы туралы айтты.

– Арнұр, 24 маусымда сегізторға ораласыз. Эльчибек Абдубалиевке қарсы жекпе-жекті қалай қабылдайсыз?

– Біз кез келген қарсыласқа тыңғылықты дайындаламыз, ал сегізтор бәрін көрсетеді.

– Лигадағы кейінгі екі жекпе-жегіңіз мерзімінен бұрын бірінші раундта аяқталды. Жанкүйерлер үшінші жекпе-жектен не күтуі керек?

– Бұл жекпе-жек те солай өтеді деп үміттенемін, бірақ мен үш раундта да жұдырықтасуға дайынмын.

– Сіз аралас жекпе-жекке арналған қазақстандық алғашқы сериалда басты рольді сомдайсыз. Осындай үлкен жобаның бір бөлігі болу сіз үшін нені білдіреді?

– Бұл мүмкіндік үшін UNDERDOG-қа рахмет. Маған артылған үмітті ақтау мен үшін үлкен мәртебе және жауапкершілік!

– Сегізтордағы және кинодағы жекпе-жектің қандай айырмашылығы мен ұқсастығы бар?

– Маған жекпе-жекке шығу оңайырақ – дайындалып, сегізторға шағамын. Кинода бәрі әлдеқайда күрделі: режим бұзылады, сценарий жаттайсың, рольге кіресің және т.б.

– Сериалдың премьерасы әлі өтпеді, көрермендер оны қалай қабылдайды деп ойлайсыз?

– Бұл басқа деңгейдегі сериал. Көрермендер өмірдің қадірін түсінеді. Менің кейіпкерім спортпен шұғылданатын жас жігіттерге мотивация болады.

– Болашақта киноға түсуді жалғастыру ойыңызда бар ма және қазір ұсыныстар түсті ме?

– Иә, әрине жалғастырамын. Бұған дейін мен фильмдер мен сериалдарда ойнадым, бірақ бұл сериал мен үшін үлкен жоба болды. Ұсыныстар бар, бірақ мен бас тарттым, өйткені жекпе-жекке дайындалуым керек.