Netflix онлайн-кинотеатры мадридтік «Реал» шабуылшысы Винисиус Жуниор туралы деректі фильмнің шығатынын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport24 сайтына сілтеме жасап.

Бразилиялық футболшының өмірі туралы фильмнің премьерасы 2025 жылға жоспарланған.

«2025 жылы әлем футболындағы ең ірі есімдердің бірі Винисиус Джуниор туралы деректі фильм шығады», - деп жазды Netflix әлеуметтік желідегі парақшасында.

Фильм 22 жастағы футболшының Испаниядағы карьерасы, осы маусымдағы жанкүйерлер тарапынан келген нәсілшілдік туралы болады.

Фото: Getty Images