Бокс аңызы, қазақстандық Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) соңғы титулынан ресми түрде бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

GGG орта салмақта IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулынан бас тартты. Халықаралық бокс ұйымының президенті Эд Левин титул бос екенін хабарлады.

Еске салайық, 40 жастағы қазақстандық бұған дейін міндетті үміткер бразилиялық Эскива Фалькаомен жұдырықтасқысы келмеген соң IBF титулынан айырылған. Кейін кубалық Эрисланди Ларамен жекпе-жек өткізгісі келмеген соң WBA Super белбеуінен де қағылған еді.

Фото: Championat.com