Еуразиялық жекпе-жек лигасы ұйымның барлық файтерлері қатысатын жаңартылған бонустық рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші орынды жеңілмеген чемпион Дамир Төленов ұстап тұр. Қазақстандық спортшы Антонина Котляревская (2:0) OCTAGON 45 турнирінде 10 секундта жеңіске жетуінің арқасында кенеттен үздік үштікке енді. Рейтингтің бұрынғы көшбасшысы және жеңіл салмақтағы Өзбекстан чемпионы Мухаммаджон Курбанов үшінші орында.

2023 жылдың соңында файтерлер келесі бонустарды алады:

1 орын — $10 000

2 орын – Tiger Muay Thai бойынша 6 апталық оқу-жаттығу жиыны

3 орын — 3000 доллар

60 ұпайдан жоғары жинаған барлық жауынгерлер UNDERDOG арнайы бонустарын алады.