«Жаужүрек мың бала», «Рэкетир 2» және «Қаржыгер» фильмдері арқылы танымал қазақстандық киноактер Асылхан Төлепов 24 маусымда Алматыда ММА бойынша екінші жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

OCTAGON 46 турнирінде оның қарсыласы «Жаман бала» лақап аты бар әзірбайжандық Намик Агабалаев (2-0) болады.

Еске салайық, OCTAGON 37 турнирінде аралас жекпе-жектен дебюттік кездесуінде Төлепов тағы бір әзірбайжандық Махаррам Ахмадовты (2:1) мерзімінен бұрын жеңген болатын.

Кешінің басты додасында Қазақстан өкілі Анастасия Дюжикова (6-2) түркиялық Тацьяна Фирсавамен (6-2) жекпе-жекте чемпиондық белбеуді қорғайды.