«Интер Майами» мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси алаңда өзін ең жайлы сезінетін ойыншыларды таңдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Суарес, Хави, Неймар және Это'О», - деп келтіреді TTPlus Мессидің сөзін.

Еске салайық, ПСЖ 2022/2023 маусымының соңында Мессидің кететінін хабарлаған болатын. 35 жастағы ойыншы клубтан еркін агент ретінде кетті: Лионель командада 2021 жылдың жазынан бері ойнайды. Бұған дейін Месси «Барселона» сапында 18 жыл (2003 жылдан 2021 жылға дейін) ойнаған.