Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу турниріне қатысу үшін Болонья қаласына (Италия) келді, деп хабарлайды Prosports.kz.

17 маусымға қараған түні Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясында Италияның Парма қаласында Сан-Мариномен ойнайды. Ойын Эннио Тардини стадионында өтеді және Астана уақытымен 00:45-те басталады.

Үш күннен кейін Магомед Адиевтің шәкірттері Белфасттағы Виндзор Парк стадионында Солтүстік Ирландия құрамасымен кездеседі. Матчтың басталуы уақыты 00:45.