Лионель Месси Titan Sports басылымына берген сұхбатында Пеп Гвардиола мен «Манчестер Ситидің» Чемпиондар лигасындағы жеңісі туралы айтты. Аргентиналық өзінің бұрынғы менеджерін әлемдегі ең үздік бапкер деп санайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Иә, Гвардиола Чемпиондар лигасын жеңуге лайық болды. Ол әлемдегі ең үздік бапкер», - деп жауап берді Лео.

Еске салайық, Месси Гвардиоламен «Барселонада» бірге жұмыс істеген. Испандық маман клубты 2008-2012 жылдар аралығында жаттықтырған. Осы уақыт ішінде клуб екі рет Чемпиондар лигасын, үш рет Испания чемпионатын, екі рет Испания кубогын, үш рет Испания суперкубогын, екі рет УЕФА суперкубогын және екі рет клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды. Сондай-ақ, Гвардиола өзінің алғашқы маусымында «Барсамен» требл жасады.

Месси болса, Пеп кезіндегі ең нәтижелі жылын өткізді, 2012 жылы 91 гол соқты.