Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев алдағы қарсыластарының ойын деңгейі туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

- ФИФА рейтингінде Сан-Марино соңғы, 211-ші орында, ал Солтүстік Ирландия 62-ші орында. Рейтинг командалардың қазіргі жағдайына сәйкес келе ме?

— Мен үшін рейтинг маңызды емес. Алда матч бар – қарсыласқа мән бермей, үш ұпай алу керек.

Бізде өте тығыз топ бар. Іріктеу басталмай тұрып-ақ біздің топта барлық командалар ұпай жоғалтатынын айттым. Тек Словения екі турда екі рет жеңіске жетті.

- Сан-Марино екі жылға жуық ресми матчтарда гол соқпады. Сіз олардың ойындарын көрген шығарсыз, бұл кездейсоқтық па, әлде заңдылық па?

Мен статистиканың үлкен жанкүйері емеспін. Әрине, іріктеуде олардың екі ойынын көрдім – олар 0-2 есебімен жеңілді, бірақ қос матчта да аяғына дейін ойнады. Команда жинақы қорғанады. Солтүстік Ирландия да, Словения да қорғанысты бұзу үшін көп күш жұмсады.

Еске салайық, Әдиевтің шәкірттері Еуро-2024 іріктеу кезеңінде сырт алаңда екі ойын өткізеді: 17 маусымда Сан-Мариноға қарсы және 20 маусымда Солтүстік Ирландияға қарсы.