Жеңіл салмақтағы қазақстандық Артем Резников (24-6) ACA Гран-при финалында UNDERDOG ұйымындағы ресейлік Эдуард Вартанянмен (24-4) өтетін жекпе-жегінің жарнамалық видеосын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Мен үшін әрбір жанкүйер маңызды», - деп жазды спортшы.

Еске салайық, көптен күткен жекпе-жек 16 маусымда Сочиде өтетін ACA 159 турнирінің басты оқиғасы болмақ.