«Ливерпульдің» бұрынғы капитаны Стивен Джерард Сауд Арабиясының «Аль-Иттифақ» клубының бас бапкері болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Әл-Иттифақ» өткен маусымды Сауд Арабиясы чемпионатының турнирлік кестесінде жетінші орында аяқтады. Бұған дейін Джеррард «Астон Вилланы» баптаған, өткен жылдың қазан айында оны бас бапкер ретінде испандық Унаи Эмери ауыстырды.

Футболшы ретінде Стивен Англия Кубогын екі рет, Лига Кубогын 3 рет, Англия Суперкубогын екі рет жеңіп алды, 2005 жылы Ыстамбұлда өткен Чемпиондар Лигасында командасымен жеңіске жетті.