Халықаралық футбол федерациясының ресми сайты әйелдер құрамасының жаңартылған рейтингін жариялады.

Қазақстан әйелдер құрамасы жаңартылған рейтингте екі сатыға жоғарылады. Олар бұдан бұрын 101-орында тұрған еді.

Енді 99-орынға көтеріліп, 1205.62 ұпайды еншіледі.

Бұл көрсеткіші бойынша рейтингте Эстония(98-орын, 1211.02 ұпай) және Фарер аралдары (100-орын, 1201.16 ұпай) қатар тұр.

Рейтингтің көш басында АҚШ әйелдер құрамасының еншісінде 2090.03 ұпай бар.