20 маусымда УЕФА Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің бірінші және екінші турына арналған жеребе тарту рәсімі өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Бұл кезеңде Қазақстан атынан «Астана» командасы өнер көрсетеді. Елордалық клубтың алғашқы турдағы ықтимал қарсыластары анықталды.

— «Линкольн Ред Импс» (Гибралтар);— «КИ Клаксвик» (Фарер аралдары);— «Динамо» (Тбилиси, Грузия);— «Ракув» (Польша);— «Партизани» (Албания);— Хеккен (Швеция);— «Фарул» (Румыния);— «Валмиера» (Латвия);— «Балкани» (Косово);— «Ларн» (Солтүстік Ирландия);— «Урарту» (Армения);— «Хамрун Спартанс» (Мальта);— «Свифт» (Люксембург);— «Струга» (Солтүстік Македония);— алдын ала кезеңнің жеңімпазы.

УЕФА Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчтары 11/12 шілдеде, қарымта ойындар 18/19 шілдеде өтеді.