Еуразиялық жекпе-жек лигасы OCTAGON 46 турнирінің алғашқы кардындағы кезекті жекпе-жекті жариялады, деп жазады Prosports.kz

Жеңіл салмақта жеңіліп көрмеген қазақстандық Әлішер Ғазиз (3-0) бен өзбек ММА мектебінің өкілі Сухроббек Атажанов (4-1) кездеседі.

Айта кетейік, қазақстандық танымал Triumph Fights ММА клубының түлегі барлық кездесуінде мерзімінен бұрын жеңіске жетке. Мансабын 2022 жылы наурызда бастады.

Ал Атажановқа келер болсақ, мансабындағы жалғыз жеңіліске OCTAGON 39 турнирінде ұшырады, онда тәжікстандық Амирхон Атахоновтан төрешінің шешімімен ұтылды.

24 маусымда Алматыда өтетін турнирдің басты жекпе-жегінде аса жеңіл салмақтағы чемпион қазақстандық Анастасия Дюжикова (6-2) белбеуін түркиялық Татсьяна Фирсаваға (6-2) қарсы қорғайды.

Алдағы ивенттің билеттерін zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG Sports спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 46 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink