Бес салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы кіші Флойд Мейвезер (50-0) мен Джон Готти III (2-0) арасындағы көрме жекпе-жегі алты раундқа созылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Төрешінің ескертуіне мән бермей, Готти Мэйвезермен бірге клинчке түсіп, оны арқанға қысқан кезде төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Төреші кездесуді тоқтатқан соң, Готти Мейвезерге жүгіріп барып, оны ұрмақ болды. Осы кезде Мейвезердің командасы рингке шығып, боксшыны қорғап қалды. Көп ұзамай спортшылар жеке бөлмеге жеткізілді.

Кездесудің ресми қорытындысы: екі боксшының нұсқауға құлақ аспауына байланысты 6-раундта төреші тоқтатты.