Аргентиналық футболшы Лионель Месси оны көргісі келетін жанкүйерлердің көптігінен Бейжіңдегі қонақүйден шыға алмай қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аргентина құрамасы 15 маусымда Аустралиямен жолдастық кездесу өткізу үшін Қытайға барды.

Бейжіңде Мессидің келуіне орай ажиотаж болып жатыр, Аргентина құрамасы қауіпсіздік мақсатында жаттығу өткізуден бас тартты. Аргентина құрамасы орналасқан қонақүйдің маңында қалың жанкүйер тізіліп тұр.

Айта кетейік, Месси Қытайға сапарының басынан-ақ қиындықтарға тап болды. Форвард төлқұжатына қатысты мәселеге байланысты әуежайда бірнеше сағат отырды.