OCTAGON SELECTION 22 іріктеу турнирінде Қазақстан мен Өзбекстан спортшылары қатысқан қызықты жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz

Жеңіл салмақта (70,3 келіге дейін) 21 жастағы қазақстандық файтер Дамир Дәуренов (1-0) 19 жастағы өзбек дебютанты Тимур Якубовпен кездесті.

Жекпе-жектің бірінші минутында Дәуреновте қылқындыру әдісін жасайтын тамаша мүмкіндік болған, бірақ оны пайдалана алмады. Осыдан кейін басымдық Өзбекстан спортшысына өтті. Нәтижесінде Якубов қылқындыру әдісін жасап, кәсіпқой мансабындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.