Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси Бейжіңге келген кезде қиындықтарға тап болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Форвард төлқұжатына қатысты проблемаға байланысты әуежайда бірнеше сағат отырды. Лионель Месси өзімен аргентиналық емес, испаниялық төлқұжатын апарған. Тексерістен кейін 35 жастағы футболшыға жеделдетілген виза берілді.

Еске салайық, Аргентина құрамасы Аустралиямен жолдастық кездесу өткізуге Бейжіңде келген. Матч 15 маусымға жоспарланған. Басталуы Астана уақытымен 18:00-де.