Соккадан Қазақстан құрамасы 2023 жылғы әлем чемпионатының финалында Украина құрамсын (2:2, буллит. - 2:1 ) жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Негізгі уақытта Абай Елемесов пен Алтынбек Мұрзабеков гол соққанымен, команда басымдықты ұстай алмады. Матчтан кейінгі буллиттер сериясында Қазақстан 2:1 есебімен жеңді.

Айта кетейік, команда қатарынан екінші рет финалға шықты. 2022 жылы қазақстандықтар Бразилия құрамасынан (0:3) жеңіліп қалған еді.

Сокка – шағын футболдың бір түрі. Стандартты форматтан айырмашылығы ойыншы саны мен алаңның көлемінде. Әр командада 6 ойыншыдан қатысады және матч 20 минуттан екі тайм болады.